Center Image
IHSAN.KZ
ҚАДІР ТҮНІ: "ӘНЕТ БАБА" МЕШІТІНДЕ 500 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
ҚАДІР ТҮНІ: "ӘНЕТ БАБА" МЕШІТІНДЕ 500 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Мың айдан да қайырлы қасиетті қадір түнінің қарсаңында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде 500 адамға ауызашар дастарханы жайылды.

Рухани кешке жиналған дүйім жамағатты Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бекелі түнмен құттықтап, Өзінің ыстық лебізін білдірді.

Алдағы уақытта ауызашар дастарханымен бастау алған қадір түні облыстық «Әнет баба» мешітінде тарауық намазымен және хатым Құран батасымен жалғасын табатын болады.

Парыз бен нәпіл намаздары оқылып, еркін құлшылыққа да уақыт беріледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz