Center Image
IHSAN.KZ
Саранда студенттермен кездесу өтті
Саранда студенттермен кездесу өтті

Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің наиб имамы Әбілхайыр Кәсенұлы "Қадір түннің алдындағы қайырлы күн" тақырыбында өткен сыр-сұхбат кездесуіне қатысты. Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері ұйымдастырған келелі кездесуде түрлі тақырыптар қамтылды. Атап айтар болсақ "Рамазан айындағы игі амалдар", "Қадір түнім - қасиетім" , "Ихсан ілімі", "Көркем мінез", "Қоғамға пайдалы болу" секілді тақырыптар қозғалды. Сондай ақ студенттер тарапынан діни мәселелерде сұрақтар қойылып, мардымды жауап берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz