Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Салауат айту» сайысы өтті. Рамазан айының бірінші күнінен бастау алған сайыста жалпы 1.862.708 мәрте салауат айтылды. Салауат сайысының қортындысы Қадір түні қарсанында жасалып, жүлделі орынға ие болған 5 адамға сый-сыяпаттар табысталды. Бірінші орынды 712.309 рет салауат айтып Жетпісова Батима анамыз иеленді. Екінші орын 345.090 салауатпен мешіт шәкірті Зейнотолла Еркебұланға бұйырды. Үшінші орын болса 186.136 мәрте салауат айтып қарындасымыз Алиакпарова Маралға тиесілі болды. Қосымша ынталандыру сыйлықтары Шуахбаева Сәуле мен Нұрмаханов Әділетке бұйырды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы