Center Image
IHSAN.KZ
ҚарМУ-нің ұжымымен ауызашар өтті
ҚарМУ-нің ұжымымен ауызашар өтті

«Е.А.Бөкетов» атындағы Қарағанды Университетінің ректоры Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы бастаған ғалымдар мен зиялы қауымдар Қарағанды қалалық "Бала қажы" мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлымен бірге ауызашарда бас қосты. Қарағанды университетінің ұжымына берілген ауызашар кешінде Нуров Махмуд имам арнайы шақырылған. Ондайға мақсат оқу ордасындағы білімді имани тәлім-тәрбиемен ұштастыру. Жиналған қауым имамның ілім алудағы ықылас пен ниет, ауызашардағы шексіз сауап пен шүкіршілік туралы насихатын тыңдады. Жиналған қауым су тасқынынан жапа шеккен отбасыларға Алладан жәрдем сұрап, дұға жасасты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz