Center Image
IHSAN.KZ
Нұра ауданының қарттар үйінде ауызашар дастарханы жайылды
Нұра ауданының қарттар үйінде ауызашар дастарханы жайылды

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен Қасиетті Рамазан айында Нұра аудандық мешітінің ұйытқы болуымен  қарттар үйінде кешкі (ауызашар) дастарханы жайылды.  35 шақты қария жиналған дастархан басында аудан имамы Ерлан Серікұлы уағыз-насихат айтты.

Аудан имамы басшылық құраммен кездесіп, қарттар үйінің  тыныс тіршілігімен танысып қайтты.

Бүгінгі игі шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрақты түрде уағыз-насихат айтылып тұратын болады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz