Center Image
IHSAN.KZ
Нұра ауданы қадір түнін қарсы алды
Нұра ауданы қадір түнін қарсы алды

Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түні Қарағанды облыстына қарасты Нұра аудандық мешітінде орын шаншыр жер болмады. Аймақ имамы Ерлан Серікұлы барша мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз насихатын жеткізді. 

Мұсылман жамағатына ауызашар дастарханы жайылып, барша жамағат қол жайып, қасиетті түні Алла Тағаладан дұға тіледі, Құран оқылды. Құран Кәрім хатым етіліп, барша жамағат тарауық намазын өткізді. Аудан имамы Құранды хатым еткен қариға құрмет танытып, алғысын білдірді.

Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz