Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түні Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде орын шаншыр жер болмады. Аймақ имамы Рауан Төлеубекұлы барша мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз насихатын жеткізді.
Мұсылман жамағатына ауызашар дастарханы жайылып, барша жамағат қол жайып, қасиетті түні Алла Тағаладан дұға тіледі, Құран оқылды. Құран Кәрім хатым етіліп, барша жамағат тарауық намазын өткізді. Аймақ имамы Құранды хатым еткен қариға құрмет танытып, алғысын білдірді.
Әсіресе жастар таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы