Center Image
IHSAN.KZ
Топар кенті жамағаты қадір түнін қарсы алды
Топар кенті жамағаты қадір түнін қарсы алды

Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түнінде Топар кенті "Жұмабек Тәшен" мешітінің  имамы Мурсали Қаленұлы  барша мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз насихатын жеткізді. 

Мұсылман жамағатына ауызашар дастарханы жайылып, барша жамағат қол жайып, қасиетті түні Алла Тағаладан дұға тіледі, Құран оқылды. Құран Кәрім хатым етіліп, барша жамағат тарауық намазын өткізді. Аймақ  имамы Құранды хатым еткен қариға құрмет танытып, алғысын білдіріп,  250 000 теңге сертификат табыстады.

Сонымен қатар, жамағатқа сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz