Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде әйелдер арасында өткен Құран хатым толықтай аяқталып, хатым дұғасын жасалды.
Рухани шарада "Бала қажы" мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы бір ай бойы Алланың қасиетті кітабын оқып, хатым еткен ақ жаулықты әжелер мен әйелдер жамағатына «Құран оқудың артықшылығы» және «Рамазан-Құран айы» тақырыбында уағыз-насихатын айтты.
Одан кейін, шараға жиналған шәкірт-аналар осындай рухани шараға мұрындық болған облыс бас имамы мен мешіт ұстаздарына алғыстарын білдірді. Еліміздің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігін тілеп, дұға жасады.
ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы