Center Image
IHSAN.KZ
«Құнанбай қажы» мешітінде сұрақ - жауап ойыны ұйымдастырылды
«Құнанбай қажы» мешітінде сұрақ - жауап ойыны ұйымдастырылды

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлының ұйымдастыруымен қасиетті қадір түні жоғары деңгейде болып өтті.

Рухани кеште  аудандық мешітінде орын шаншыр жер болмады. Аймақ имамы барша мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз насихатын жеткізді. 

Сонымен қатар, аймақ жамағатына сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.

Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz