Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде көше тазалықшылары мен еріктілерге мерекелік дастархан жайылды
«Әнет баба» мешітінде көше тазалықшылары мен еріктілерге мерекелік дастархан жайылды

Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен ораза айт мейрамының құрметіне орай көше тазалықшылары мен еріктілер тобына дастархан жайылды.

Қазақы киіз үйде өткен мерекелік басқосуға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, қонақтарды ораза айт мерекесімен құттықтады. Шара барысында айттық таратылып, ізгі тілектер айтылды.

Айта кетейік, игі шара үнемі қолдау танытып жүретін Нұрлан Дулатұлы есміді азаматтың демеушілігімен жүзеге асты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz