Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешіті ұстаздарының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына «Қош бол, Рамазан!» атты рухани ауызашар кеші болып өтті.
Рухани кеште қасиетті Құран Кәрім оқылып, хатым дұғасы жасалды. Ұстаздар қауымы уағыз-насихат айтып, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, діни сауат ашып, Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу рәсімі болып өтті.
Рамазанмен қоштасу хұтпасы оқылып, әжелер қауымы ақ батасын берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы