Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде кезекті қайырымдылық іс-шарасы өтіп, 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Аймақтағы жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға көмектесу әдеттегі дәстүрге айналған.
Игі шара Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Қалдарбекұлының бастамасымен жүзеге асты.
«Дінімізде, «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Алланың разылығы үшін жан-жақты қызмет ету, білмегенге үйрету, адасқанға жол сілтеу және жоқтың көңілін тауып, жүзіне күлкі сыйлау әрбір мұсылманның міндеті болса керек-ті»-деп, сөзін түйіндеді мешіт имамы Нұрболат Қалдарбеков.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы