Center Image
IHSAN.KZ
Қайрақты және Ақсу ауылдарына гуманитарлық көмек жеткізілді
Қайрақты және Ақсу ауылдарына гуманитарлық көмек жеткізілді

Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы бастаған аймақ дін қызметкерлері мен жамағаты, еріктілер тобы және жергілікті әкімдік қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Қайрақты және Ақсу ауылдарына гуманитарлық көмек жеткізді.

Су зардабын көрген халыққа азық-түлік, ас-су, киім-кешек, жатын орнына қажетті көрпе-төсек, балалар мен әйелдерге қажетті жабдықтар, тазалық құралдары, жылыту құралдары және т.б. көптеген көмектер жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz