Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысы бойынша 50 700 адамға ауызашар берілді
Қарағанды облысы бойынша 50 700 адамға ауызашар берілді

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы өкілдігі биылғы қасиетті рамазан айына бекітілген іс-шараларды  жоғары деңгейде атқарып, облыс бойынша 50 700 адамға ауызашар берді.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен өңірге қарасты барлық қала, аудан, ауыл-аймақтарда қасиетті рамазан айының құрметіне орай жергілікті жамағат пен аймақ тұрғындарына ауызашар дастархандары жайылды.

Берекелі басқосуда  асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген дін жанашырлары мен кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері құрметті қонақ болды. Сонымен қатар, қарттар үйіне, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, зағиптар қауымдастығына да қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

Облысқа қарасты барлық мешіттерде жүзеге асқан ауызашар дастарханы мен үлестірілген «Ауызашар себеттері» бойынша жалпы 50 700 адамға ауызашар берілді. Барлық мешіттерде Құран хатым оқылып,  имамдар белсенді жұмыс нәтижесін көрсетті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz