ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік үлестірді.
Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен ұйымдастырылған шараның мақсаты әлеуметтік көмекке мұқтаж, жалғыз басты, көп балалы аналарға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға қол ұшын сөзу.
«Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын! Жаратқан Иеміз шәууәл айын берекелі етсін!»,- деді игі істің бас - қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы.
Айта кетейік, бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, макарон өкімдері т.б.) беріліп, үйлеріне жеткізілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы