Center Image
IHSAN.KZ
Орыс ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады
Орыс ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады

   Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді.     Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Осокина Виолетта есімді орыс ұлтының азаматшасы  Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылмандықты қабылдауға ниетті екенін білдірді.  Осындай ағынан жарылып келген жаннан мешіттің наиб имамы   Нұрғали Берікқұлұлы  дінге келудегі мақсатын сұрап, оған Ислам діні туралы уағыз айтты.

Ислам діні жүрегіне жақын болып, шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар жанға кәлима шахадатты айтқызып,  хақ дініндегі бес парызды түсіндірді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz