Center Image
IHSAN.KZ
«Мақаш Ж.У» ЖК «Lokanta» тамақтану орны сертификатталды
«Мақаш Ж.У» ЖК «Lokanta» тамақтану орны сертификатталды

Қарағанды қаласындағы «Lokanta» қоғамдық тамақтану орны  Халал Даму ЖШС – ның  сертификатын иеленді.

Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы аталған кәсіпорында тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспаларды зертханаға жіберді.

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Нәтижесінде «Мақаш Ж.У» ЖК «Lokanta» қоғамдық тамақтану орны «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz