Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Рамазан бойы тарауық намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қари Муллоев Саимахмуд Абдуджабборовичке құрмет көрсетілді.
Алланың сөзін жаттаған қариға Қарағанды қалалық "Қазыбек би" мешітінң имамы Ербол Мұқанұлы жамағат атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, қаржылай бір миллион теңге сертификат табыс етті.
Сондай-ақ, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы