Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысының бас имамы Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті
Қарағанды облысының бас имамы Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті

  Қазіргі уақытта Алматы қаласында орналасқан еліміздегі бірегей ислам университеті Нұр-Мүбарак оқу орнында Қарағанды облысынан шыққан 50-ге жуық студент білім алуда. ⠀

Осы орайда, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Алматы қаласына барған қызметтік сапары барысында облысымыздан келіп, білім алып жатқан жастардың басын қосып, сұхбат құрды. ⠀

Облыс имамы университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, шариғи білімін шыңдап жүрген жастарға ақыл-кеңестерін бөлісті. Сондай-ақ әрбір студенттің  оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады. ⠀

Басқосуда ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман» жобасы аясында діни мамандарды ауылға қызметке тартудың кешенді бағдарламасын жеткізіліп, осы жолда өкілдік тарапынан да барынша қолдау көрсетілетіндігі айтылды. ⠀

Келелі кездесу соңында студенттерге арнайы дәм беріліп,  облыс бас имамы білім іздену жолында жүрген студенттерге   дұға жасап, ынталандыру
 сыйлықтарын табыс етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz