ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
«Қоғам әділеттікпен дамиды» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Мұсылман адамның бойында көрініс табуы қажет болған маңызды сипаттардың бірі – әділдік. Қазақ халқы да әділдік ұғымын ерекше қастер тұтқан. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің Жеті Жарғысы» – бәрі де қара қылды қақ жарған әділеттілікке негізделді. Әр ісімізде әділетті болуға тырысып, зұлымдық атаулыдан сақтанайық!»,-деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы