Center Image
IHSAN.KZ
Бала тәрбиесінің құндылығы насихатталды
Бала тәрбиесінің құндылығы насихатталды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысы бойынша дін мен дәстүр бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесі бір өнер» атты рухани танымдық шара болып өтті.

Облыстық «Әнет баба» мешіті ауласында қанат жайған қазақы киіз үйде ақсақалдар бастаған мешіт жамағаты және шәкірттер қауымы бас қосты. Игі шараға Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы арнайы қатысты.

Рухани шарада Бақдәулет Қыдырбайұлы бала тәрбиесінің маңыздылығы, қазақы тәрбиенің құндылығы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі алар орын жайлы насихат айтты.

Құран оқылып, ақсақалдар батасын берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz