Center Image
IHSAN.KZ
Қарабас кенті жамағаты арасында футбол жарысы болып өтті
Қарабас кенті жамағаты арасында  футбол жарысы болып өтті

   Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің   «Жастар ісі»секторының ұйымдастыруымен «Салауатты жамағат» атты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті. 

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен турнирге сектордың жауапты меңгерушісі әрі Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Спорттық додаға Абай ауданына қарасты ауыл жамағаттарынан құралған 4 команда қатысты. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – мешіт жамағаттары арасында тығыз байланыс орнату, жат ағымдардан сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ,  мұсылманшылыққа тән сабырлылық пен көркем мінезді ойын кезінде де сақтауды үйрету.

Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды. 

Бірінші орынды  «Қарабас» командасы ұтты.

Осылайша Абай ауданының имамдары мен жамағаттары салауатты өмір салтын ұстана отырып, жамағат арасындағы бірлік пен татулықтың озық үлгісін көрсете білді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz