Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағымның алдын алуға қатысты жиын өтті
Жат ағымның алдын алуға қатысты жиын өтті

Қарағанды облысына қарасты «Қазыбек би» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы мешіт жамағатына жат ағымның алдын-алу тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуде имам дін тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқылады. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ,  жастар арасында түрлі қылмыстар, ұрлық-зомбылық, арақ-шарап, темекі, зинақорлық секілді кесапат күнәлар тақырыбында уағыз-насихат айтты. Оларды Алланың ақ жолына, зиянды істерден аулақ жүруге шақырды.
 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz