Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата»  мешітінде лудомания зардаптары түсіндірілді
«Төлеутай ата»  мешітінде лудомания зардаптары түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата»  мешітінде «Ізгі қоғам» бағыты аясында жамағатқа  құмар ойынының лудомания зардабы туралы насихат айтылды.

Сақтану шаралары мен бұл дерттің алдын алу жолдары да қамтылды. Дәріске қатысушы шәкірттер әсіресе жасөспірімдердің материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсатында лудомания зардабын шегушілер екенін тілге тиек етіп, осы секілді кеңейтілген дәрістердің болуын құптады. Мешіт имамдары мен ұстаздары қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайларға бей-жай қарамай әрдайым насихатты кеңінен тарқатып келеді. Отбасында, айналаңыздағы жақындар ішінде құмар ойынына шалдыққандар болса мешітке ертіп апару жақсы болмақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz