Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешіті ұжымы Карлаг музейінде болды
«Әнет баба» мешіті ұжымы Карлаг музейінде болды

  «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінің ұжымы Карлаг музейінде болды.

Шара барысында дін қызметкерлері сяси қуғын сүгінге ұшыраған Алаш зиялыларының өмір тарихымен, қуғын-сүргін жылдары орын алған оқиғалармен таныс болды.

Ғимаратта арнайы Құран оқылып, марқұмдар рухына дұға жасалды.

Шара соңында Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлы арнайы дастархан жайып, облыс дін қызметкерлеріне құрмет көрсетті. Берекелі дастархан барысында арнайы насихат айтылып, Құран оқылды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz