Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің шәкірті Қыдырбай Дәуіт Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай өткен «Жігіт сұлтаны - 2024» байқауына қатысты.
Шараға «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгеушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысып, дәстүр аясында насихат айтты.
Шараның мақсаты жасөспірімдердің өнерге, спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, біліктілігі мен шеберлдігін шыңдау. Жас таланттыларды өнерге насихатау, шығармашылығын дамыту.
Сайыста қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, күй шертті. Күштерін сынға салып, қол күресті.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, мешіт атынан шыққан шәкірт жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы