Шаһарымызда орналасқан «Раян» дәмханасының асханасы тұтынушылардың сұранысына ие. Аталмыш дәмхана келген қонақтарына тағамның түр-түрін ұсынып, жоғары бағаға ие болып отыр. Дәмхананың барлық қызметі шариғат талаптарына сай жүзеге асып келеді. Аты аталған осы мекемнің жұмыс барысын қайтадан тексерістен өткізуге «Халал Даму» ЖШС Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы арнайы бақылау жұмыстарын жүргізіп, дәмхананың сертификатын жаңарту мақсатында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді.
Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. Жаңа сертификатты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы табыстады.
Алдағы уақытта «Хасенова Г.С» ЖК «Раян» дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы