ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қиындықта ел бірге» бастамасымен Қарағанды облысының халқы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 2 250 000 теңге қаржылай көмек жіберді.
Қарағанды облысы бойынша "Зекет және қайырымдылық қорының" мұрындық болуымен көршілес өңірге гуманитарлық көмекті жинауға Қарағанды облысының жанашыр халқы, өңір тұрғындары, мешіттері, кәсіпкерлері, еріктілері, аймақ жамағаты және т.б қол ұшын созды.
ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы осы игі іске ат салысқан барша облыс тұрғындары мен халқына алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавлдағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 80 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген болатын.
ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы