Center Image
IHSAN.KZ
Аудан имамы Егіндібұлақ ауылының әкімімен жүздесті
Аудан имамы Егіндібұлақ ауылының әкімімен жүздесті

Қарқаралы аудандық "Құнанбай қажы" мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы бақылау-басқару жұмыстары бойынша Егінлібұлақ ауылына барған қызметтік сапары барысында ауыл әкімі Толекеев Бейбіт Айтмағанбетұлымен  жүздесті. Кездесуге Егіндібұлақ ауылының имамы Ғаббас Рүстем Мұқанұлы да  қатысты.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының  ыстық сәлемін жеткізген аудан имамы ең алдымен жергілікті діни ахуалды басқосудың негізгі өзегі етті.

Ауыл басшысы  аймақтың діни қал-ахуалы өзекті мәселелер қатарында екенін айтты. Сол себепті ортақ жобалар аясында бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz