Center Image
IHSAN.KZ
Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Қарағанды қалалық «Әл машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы Ұлы Отан соғысының ардагер ақсақалы Сұңғат Смағұлұлын зиярат етіп, Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты.
Асылдың сынығындай болған ардагер қарияның шаңырағына арнайы ат басын бұрып,   «Әл Машани» мешіті атынан ізгі ниетпен ілтипат-сыйлықтарын тарту етті.
Келелі кездесуде жүз жасты алқымдаған ардагер қария Сәттіғулов Сұңғат Смағұлұлы отты жылдардың салмағын еске алып,  елдің сол кездегі ынтымақ-бірлігі мен қайрат-қажыры жайында сыр шертті. 
Одан кейін  бейбіт күніміздің бұзылмауын, еліміз бен жеріміздің, дін аралық татулықтың бүлінбеуін тіледі. 
Сайлау Жұмағұлұлы ақсақалға ізгі тілегін білдіріп, ғибратқа толы ғұмырының ұзақ болуына дұға жасады.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz