«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Әнет баба» мешіті жастары мешіт саяжайында сенбілік жұмыстарын жүгізіп, дәстүрлі ойында бақ сынасты.
«Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы және «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Думан Қамариденұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында мешіт жастары саяжайда тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында дастархан жайылып, шәкірттерге насихат айтылды. Сонымен қатар, жастар қазақтың ұлттық ойыны садақ атудан бақ сынасты.
ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы