Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы «Әл Машани» мешітінің тынысымен танысып қайтты
Облыс бас имамы «Әл Машани» мешітінің тынысымен танысып қайтты

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы қаладағы «Әл-Мәшани» мешітіне бақылау-басқару жұмыстары бойынша ат басын бұрып, діни ахуалынан хабар алды.
Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы облыс бас имамына  құлшылық үйінің бүгінгі жай-күйін тыныстырды. Қызметтік бақылау барысында аймақтық дін  қызметкерлерінің жұмыс барысы қадағаланып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Облыс бас имамы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен мешітті жан-жақты аралап, соңғы кездері орын алып жатқан көңіл көншітер жаңалықтармен де танысты.⠀ Одан бөлек мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді. 

Қазіргі уақытқа дейін мешіттің іші  жөндеуден өтіп,  ерлер дәретханасы толық жаңартылған. Ендігі кезекте әйелдер дәретханасы мен мәйітхана бөлмесінің жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Облыс бас имамы аталмыш мешіттің  қызмет барысымен толықтай танысып,  имамдардың жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀
 ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz