Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде «Жақсылықта жарысайық» атты жәрмеңке өтті
«Әнет баба» мешітінде «Жақсылықта жарысайық» атты жәрмеңке өтті

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен су тасқынынан зардап шекен аймақтардың тұрғындарына рухани, материалдық көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысы бойынша  Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде жамағатқа үй тағамдары, түрлі тәттілер, ыстық тағамдар ұсынылады.  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен өткен қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz