Center Image
IHSAN.KZ
«Исламдағы өнегелі отбасы» тақырыбында рухани кездесу өтті
«Исламдағы өнегелі отбасы» тақырыбында рухани кездесу өтті

Қарағанды қалалық "Хазрет Әли" мешітінің наиб имамы Рысбай Асыл Көкешұлы неке қиған жас жұбайларға арналған  «Исламдағы өнегелі отбасы» тақырыбында рухани кездесу өткізді.

Айтулы шараға жуырда ғана Алланың үйіне келіп ақ некесін қидырған жас отбасылар арнайы шақырылды. Шара барысында Асыл Көкешұлы айтқан ерлі-зайыптылардың сыйластығы мен отбасылық әдептер жайында айтқан ғибратқа толы насихаты жаңадан шаңырақ көтерген жастар үшін нағыз рухани азық болды.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы негізінде еліміздің мешіттерінде үлкен өмірге алғашқы қадамдарын енді ғана аттаған жас жанұялардың бірлігін бекемдеп, ерлі-зайыптылардың бақытқа жету жолын нұсқайтын арнайы шаралар ұйымдастырылып келеді.

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz