Қарағанды қалалық "Хазрет Әли" мешітінің ұйымдастыруымен «Салауатты жамағат» атты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен турнирге "Хазрет Али" мешітінің наиб имамы Асыл Көкешұлы арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – мешіт жамағаттары арасында тығыз байланыс орнату, жат ағымдардан сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ, мұсылманшылыққа тән сабырлылық пен көркем мінезді ойын кезінде де сақтауды үйрету.
Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы