Отбасы күніне орай «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен тұсау кесу рәсімі өтті.
Әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбиесі бар. Сол секілді қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – тұсаукесер тойы. Шілдехана-бесік тойдан кейін сәби өмірінде ерекше аталып өткізілетін салттың бірі – тұсаукесер.
Ер көңілді, жаны жомарт қазақ ұрпағының жолынан ешнәрсесін аямаған. Ұрпағы таршылық, тапшылық көрмесін, бай-бақытты молшылық ғұмыр кешсін, көңілі дарқан даладай, текті, жетелі, ел-жұртына сиымды, бауырмал, қадірлі, қайырымды көпшіл азамат болсын деген ата-ана алғашқы қадамын майлап, тұсауын кестіруді өз борышы санаған.
Шара барысында Бақдәулет Қыдырбайұлы кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, өзінің ақ тілегі мен батасын берді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүріміз өз жалғасын таба берсін. Өмірге жаңадан қадам бақсан бүлдіршіндеріміз ертеңгі ел болашағының алтын көпіріне айналып, текті еліміздің тұғыры биік азаматы мен азаматшалары болсын. Әмин!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Отбасы күніне орай тұсау кесу рәсімі өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы