Шахтинск қалалық "Нұр" мешітінің қызметкерлері "Қазақ соқырлар қауымдастығы" басшылығының алғыс хатымен марапатталды. Аталмыш мекемеде тұрақты түрде қайырымдылық шараларының өтуіне мұрындық болып, игі істерді жүзеге асырып жүрген аймақ имамдарының ерен еңбегін елеген мекеме қызметкерлері "Нұр" мешітіне арнайы алғыс айта келді.
Айта кетейік, "Нұр" мешітінің ұйымдастыруымен қазақ соқырлар қауымдастығы мекемесіндегі қарияларға азық-түліктер үлестіріп, қасиетті рамазан айында ауызашар дастарханы жайылған болатын.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы