Center Image
IHSAN.KZ
«Turan-el» мейрамханасы халал сертификатын алды
«Turan-el» мейрамханасы халал сертификатын алды

  Қарағанды қаласындағы «Turan-el» қоғамдық тамақтану орны  Халал Даму ЖШС – ның  сертификатын иеленді. Арнайы сертификатты ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы табыстады.

Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі  Амангелді Дәулеткелдіұлы мейрамханаға тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспаларды зертханаға жіберді.

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Нәтижесінде «Turan-el» мейрамханасы «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz