Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда әйелдер жамағаты бас қосты
Теміртауда әйелдер жамағаты бас қосты

  Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешіті ұстаздарының ұйымдастыруымен "Өзін танымаған,Раббысын тани алмайды" атты тақырып аясында  әйелдер жамағаты бас қосты.

Игі шара барысында ұстаздары уағыз-насихат айтып, сұрақ-жауап ойындарын ұйымдастырды. Берекелі дастархан басында Құран хатым дұғасы жасалып, бата берілді.

Айта кетейік, рухани кеш мешіт ұстаздары Бағдат Шәкенқызы, Индира Нутрайқызы және Ақниет Дәуірғалиқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz