ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында футбол ойындарын өткізу дәстүрге айналған. Жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан спорттық шара тағы бір мәрте жалғасын тауып, мешіт жамағаты футбол алаңында бас қосты.
"Бірлігі жарасқан жамағат" тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы