ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қарағанды облысындағы қызметтік сапары барысында «Әнет баба» мешітінде жүзеге асқан қайырымдылық шарасына қатысып, 50 отбасыға азық-түлік үлестірді.
Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен және «Зекет және қайырымдылық» қорының мұрындық болуымен өткен шараның мақсаты жалғыз басты, көп балалы аналарға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға қол ұшын сөзу.
«Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болып екі дүние бақытын нәсіп етсін»,- деді Астана қаласынан арнайы келген «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы