Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешіті ауласына тал отырғызылды
«Әнет баба» мешіті ауласына тал отырғызылды

  «Уақып» қайырымдылық қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешіті аулсына тал отырғызылды.

Көршілес Ресей елінен арнайы алдырған көшеттерді мешіт ауласына отырғызу шарасына көше тазалықшылары мен еріктілер тобы және мешіт қызметкерлері қатысты.

Шара соңында мешіт жанындағы қазақы киіз үйде арнайы дастархан жайылып, көше тазалықшыларына ас берілді. «Дін мен дәстүр» аясында уағыз-насихат айтылып, Құран оқылып, соңы батамен жалғасты.

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz