Center Image
IHSAN.KZ
«Қасиетті Құран Кәрімдегі дұғалар» тақырыбында сайыс өтті
«Қасиетті Құран Кәрімдегі дұғалар» тақырыбында сайыс өтті

  Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен "Қасиетті Құран Кәрімдегі дұғалар" сайысы өтті. Сайысқа мешіт шәкірттері мен жастары қатысты. Сайыстың барысы Құран Кәрімдегі дұғаларды жатқа айтуымен, мағынасын түсіндіруімен, тәжуид ережелеріне баға  берумен жүзеге асты.  Жүлделі бірінші орынды Мұхаммедқали Омар иеленді. Екінші орынға Алимханов Нұрперзент лайықты деп танылып, үшінші орын Серік Исламға бұйырды. Жүлдегер шәкірттерге алғыс хаттар мен қаржылай сый-сыяпаттар табысталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz