Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде «Әке мектебі – отбасы тірегі» атты рухан отырыс өтті. Шара барысында отбасындағы ер адамның рөлі, әкенің балаға берер тәрбиесі насихатталды. «Әке» деген сөзді айтқанда қамқоршың, тіреуің, қорғаның екенін сезесің. Отбасы үшін әкенің орны бөлек. Әке – бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның бірі. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Хадис шарифте айтқандай, «Әке перзентіне жақсы тәрбиеден артық сыйлық бере алмайды». Себебі, бала тәрбиесінде әкенің берері мол», -деді ауданның Бас имамы. Сонымен қатар жамағатқа бала бойындағы батылдық, сабырлық, өжеттілік, мәрттік, өмірдің қиындықтарын мойымай көтеретін табандылық қасиеттері әке арқылы қалыптасатындығын айтып өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы