Center Image
IHSAN.KZ
РАНТ мүшесі қорғаныс департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді
РАНТ мүшесі қорғаныс департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді

Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесіШығыс Қазақстан облысы, «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Құсанбаев Бекзат Азатбекұлы Қарағаныды облысына барған сапары барысында қауіпсіздік департаменті мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Келелі отырыста дін маманы мекеме қызметкерлеріне "Қоғамдағы діннің рөлі" тақырыбында насихат айтты. Сонымен қатар,  белең алып отырған жат діни ағымдардың алдын-алуға қатысты дәріс оқыды. Сонымен қатар, дін мен дәстүр аясында насихат айтып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарына тоқталды. Отанды сүю тақырыптарын тілге тиек еткен РАНТ-мүшесі бүгінгі қоғамдағы күрделенген мәселелерге, отбасының бірлігі секілді тақырыптарға да тоқтала өтті. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz