Center Image
IHSAN.KZ
Ағадырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті
Ағадырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

  31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен саяси қуғын- сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алаңында еске алу іс-шарасы өтті. Шараға аудан әкімі   Қойшыбаев Мерей Жасұлан және аймақ имам   Азамат Серікұлы, ауыл ақсақалы Кәріпұлы Өмір және аймақ тұрғындары қатысты. Ескерткішке гүл шоқтары қойылған соң, бір минут үнсіздік жарияланып, қуғын- сүргін, ашаршылық жылдарда қаза болған ата-бабалырымыздың рухына құран бағышталды. Сөз кезегі берілген аудан әкімі  репрессия құрбандарының зұлмат күндердегі жанкештілігін, қазақ халқының бастан кешкен ауыр күндері мен қайғы қасіретін бүгінгі ұрпақ ұмытпайтындығын айтып, тәуелсіздігін тұғырға қондырған қазақ елінің бейбіт, қуатты елге айналуы үшін жасалып жатқан игі істеріне сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz