Center Image
IHSAN.KZ
1- маусым балаларды қорғау күніне орай «Отбасы» орталығында қайырымдылық шарасы өтті
1- маусым балаларды қорғау күніне орай «Отбасы» орталығында қайырымдылық шарасы өтті

1-маусым балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі  "Отбасы" орталығында бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, сый жасады.

Шара барысында қордың өңір бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы ата-аналар мен жеткіншектерге өзінің ыстық лебізін білдіріп, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының құттықтауын жеткізді.

Шара барысында арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар тарту етілді. 

Егемен еліміздің ертеңі болатын жас жеткіншектерге  арнайы дұға жасаған Асылхан Рахымжанұлы мекеменің қызметкерлеріне де алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі. Өз кезегінде орталық басшылығы қашанда ҚМДБ тарапынан, мешіттер атынан қамқорлық көрсетіліп келе жатқанын атап өтіп, өз ризашылықтарын айтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz