Center Image
IHSAN.KZ
Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

  31- мамыр Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыстық «Әнет баба» мешіті  жанындағы Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Аталған шараға ардагерлер, депутаттар, жастар, саяси партия өкілдері, ерктілер, қала тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар, орталық «Әнет баба» мешітінде бабаларымыздың рухына тәу етіп, арнайы құран оқылды.
Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат.
Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл бабаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz