Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде боздақтарға құран бағышталып, дұға жасалды
«Қазыбек би» мешітінде боздақтарға құран бағышталып, дұға жасалды

  Қарағанды қалалық "Қазыбек би" мешітінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына қасиеттті Құран аяттарын бағышталып, арнайы дұға жасалды.

Жұма намазынан кейін мешіт жамағаты: «Уа, әлемдердің Раббысы, Жаратушымыз Алла Тағала! Осы оқылған қасиетті Құранның сауабын әуелден ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның ғазиз рухына, Оның отбасы мен сахабаларына, асыл ата-бабаларымызға бағыштаймыз! Кешегі зұлмат заманда, нәубет күндерде жазықсыз кеткен, құрбан болған бабаларымыздың рухына бағыштаймыз! Уа, Алла! Оларды Өз рақымыңа алып, Пайғамбарымыздың шапағатында болуын жазғайсың! Құдай Тағала енді біздің ұлтымыздың, халқымыздың болашағын ондай нәубеттен сақтағайсың! Еліміздегі әрбір отбасыға береке-бірлігіңді дарытып, ризық-несібелерін молайта гөр! Еліміздің еңсесі биік, тұғырын жоғары етіп, халқымызды жаманшылық атаулыдан, табиғи апаттардан, түрлі індеттерден өзің сақтай гөр! Әмин!» деп дұға жасады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz